Дана туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 26
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 28
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 24
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 4

Батыр соғыста,Дана дауда (тірлігінде).
©  Түркі халықтары
Дана жарты сөзбен түсінеді.
Дананың жүрегі жылаған жерде, ал наданның жүрегі — айқайлаған жерде.
Қиын сәтте дана адам көпірлер салады, ал ақылсыз бөгеттер салады
Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
Айтушы ақымақ болса,Тыңдаушы дана керек.
 Жазадан соң ақылды – дана болады, ақымақ – бала болады.
Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы. 
©  Бұқар жырау
Болса, данам, көңіл тура, тіл майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
Аз-аздан үйреніп дана болар,
Бір-бір тамшыдан жиналып дария болар.
Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.
Дана білсе де сұрайды,
Надан білмесе де сұрайды.
Надан данамен өш.
Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.
Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.
Көп жастың ішінде қария болса даң болар,
Көп кәрінің ішінде бір жас болса дана болар.
Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,
Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.
Елуінде — ер дана,
Елуінде — ел жаңа.
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Екі баланың арасындағы шал
Бала болады.
Екі шалдың арасындағы бала
Дана болады.
Арттағыны қозғау — ағалық,
Алдағыны болжау — даналық.
Дана,
Дананы да туған ана.
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.