Ұстаз туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Ұстаз" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ұстаз" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ұстаз" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ұстаз" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 19
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 90
Өлеңдер: 172
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 53
Құттықтау, тілектер: 42
Туындылар: 3
Әңгімелер: 50
Шығармалар: 24
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 1
Эсселер: 49
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
© Серке Қожамқұлов
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
© Серке Қожамқұлов
Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
© Владимир Маяковский
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
© Адольф Дистервег
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.
© Мағжан Жұмабаев
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
© Лев Толстой
Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған..
© Лев Толстой
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
© Лев Толстой
Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар —ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер.
© Лев Толстой
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
© Абай Құнанбаев
Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Шәкірті талапты болады.
Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.