Ойын туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 22
Жұмбақтар: 12
Тақпақтар: 24
Өлеңдер: 43
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 33
Туындылар: 35
Әңгімелер: 10
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 2

Ойын[да] [озған]шында озарДүние тап, еңбекқыл да өнерменен,Мақал бар: "Ойын[да] [озған]шында озар!"- деген.(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы "Ағашсыз жапырақ").
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ойнамаған-Ұтылам деп ойламаған.
Бір қатын ойнаймын деп доңғалақпенШабаққа оралыпты қаңғалақтап.
Соғыс – корольдардың ойыны.
Балалар ойнап жүріп су төгеді,
Қарттар тайып жамбасын сындырады.
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Асық ойнаған — ақтық,
Доп ойнаған — тоқтық.
Ақылды қазы да кейде аңғал шешім айтады,
Ақылсыз бала да кейде ойнап атып тигізеді.
Ойыннан да омыртқа сынады.
Ойна, бiрақ жұмысты да ойла!
Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.
Ойнақтаған бала от басар.
Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
Отпен ойнама - күйерсің,
Құйынмен ойнама - шаршарсың.
Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.
Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.
Ойын сөзге шын төре.
Ойын түбі — от,
Тұман түбі — жұт.
Ойыннан от шығар.
Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.
Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.
Ойыннан от шығады.