Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.
© Абай Құнанбаев
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.
© Абай Құнанбаев
Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын..
© Абай Құнанбаев
Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.
© Абай Құнанбаев
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де..
© Абай Құнанбаев
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
© Абай Құнанбаев
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.
© Абай Құнанбаев
Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә,
Саған жар менен артық табылса да.
© Абай Құнанбаев
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә,
Саған жар менен артық табылса да.