Туыс туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 158
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 47
Нақыл сөздер: 19
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 3
Әңгімелер: 5

Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды. 
©  Ғабиден Мұстафин
Алақандай ғана қазақпыз. Бір-бірімізге туыс-бауырмыз. Қазақты қазақ құрметтемесе, бір-бірімізге жанымыз ашымаса, өзге кімнің жаны ашиды?! Онсыз да..
©  Ардақ Назаров
Жақсының қадірін жақыны білмес, жат білер деген бар, туысқа өкпелеме.
©  Нұрхалық Абдырақын
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,Сол болар басқалардан жақын кісің.Ағайынға, туысқа қайырылса,Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.Ерге – аю, балаға –..
©  Шал Құлекеұлы
Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан,Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Кісімен бірге туыспау керек,Туысқан соң артық сөз қуыспау керек. 
©  Әйтеке би
Біздің барлығымызда жақынымыздың қайғы-қасіретін көтеріп алар күш жатады. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер. 
©  Бұқар жырау
Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер. 
©  Бұқар жырау
Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар. 
©  Марк Твен
Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.
©  Абай Құнанбаев
Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.
©  Тоқсары
Талабы таудай болғанмен.
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...
©  Алмас Алматов
Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.
©  Будда