Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Таудай талап бергенше,Бармақтай бақ бер.
Барлығына жақсы, бірақ бәріне мектеп пайдалы емес
Мектеп емес, өмір үйретеді
Мектеп үйретпесе, қажеттілік үйретеді
Ақымақты үйрету, суда жазумен тең
Егініңді дөңге сал,Дөңге салсаң — көңге сал.
Балық бәсін алады.Егін есесін алады
Әйел — ерімен,Диқан — жерімен.
Қатты жерге егін шықпас,Қаңғыған басқа білім жұқпас.
Жаздың қамын қыс ойла,Бір ойлама, үш ойла.
Жүре-жүре арық қазсаң,Күле-күле су ішерсің.
Сөз сағасы —Құлақ,Су сағасы —Бұлақ.
Су ішетін арығы жоқ елдіңСүзіп алатын балығы жоқ.
Ынтымақ — елдің ырысы.Ылғал — жердің ырысы.
Еленем десең, елге жақ,Жер емем десең, жерге жақ.
Таза болсаң, судай болБәрін жуып кетірген.Жақсы болсаң, жердей болБәрімізді өсірген.
Жер тоймай — ел тоймайды.
Мезгіл жетсе, мұз ерір.
Бабасы еккенді,Баласы орады.
Жаман сайдың суы тасысаӨткел бермес.
Суы бардың — буы бар.
Жазда шөпті жинасаң,Қыста мал азығыЖазда сөкті жинасаң,Қыста бала азығы.
ЕтікшініБалға мен біз асырайды.ЕгіншініКетпеннің жүзі асырайды.
Жақсы мұраптыңСоңынан су ереді.Жаман мұраптыңСоңынан шу ереді.