Қыз туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Қыз" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қыз" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қыз" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қыз" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 159
Жұмбақтар: 4
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 940
Жаңылтпаштар: 6
Нақыл сөздер: 57
Құттықтау, тілектер: 28
Баталар: 4
Туындылар: 3
Әңгімелер: 151
Ертегілер: 15
Поэмалар: 16
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 38
Эсселер: 5
Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.
Кетермен болса қыз жаман.
Отырған қыз орын табар.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Дауды қыз бөгейді.
Ыржық қызға — тыржық күйеу.
Үйінде ұл-қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.
Қотыр қызға — қола сырға.
Қызы бардың назы бар,
Қысы бардың жазы бар.
Қысы бардың жазы бар.
Төркініне келген қыз
Төрге секірер.
Төрге секірер.
Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.
Жетім қызға ел пана.
Қызың кер әдеп болса — қорлық,
Балаң бейәдеп болса — қорлық.
Балаң бейәдеп болса — қорлық.
Ұлың үйленсе — ырысың,
Қызың орын тапса — өрісің.
Қызың орын тапса — өрісің.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Аяғын көріп, асын іш.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Мата даңқымен бөз өтер.
Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.
Бала «құлыншақ» дейді.
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Анадан безген қыз болмас.
Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.
Қыздың жолы жіңішке.
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Гүл өссе – жердiң көркi.
Үй жинаған ұқыпты,Бір қыз бопты ертедеТыңдамаған мысықты,Салыпты ғой әлекке. жауабы - Мақта қыз бен мысық
Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.