Шеше туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 39
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 3

Қыз – әкесіне жұлдыз, шешесіне – күн.  
Шешесі силамағанды баласы силамайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Қысқы күннің жанары-Өгей шеше қабағы.
Әкем жорығын айтса,Шешем шығынын айтады.
Баласы жыламай,
Шешесі емшек бермес.
Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.
Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.
Ac таңдасаң, аяғына қара,
Қыз таңдасаң, шешесіне қара.
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.
Әкесі тете атпаса,
Шешесі май сатпас еді.
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.