Өсек туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Өсек" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Өсек" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Өсек" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Өсек" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 18
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 37
Нақыл сөздер: 17
Әңгімелер: 7
Анекдот, әзілдер: 1

Бір күн өсек естімесе құлағы тарс бітеледі.
Өсекшінің беті ешқашанда ағармас.
Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.
Мінгені есек,
Айдағаны өсек,
Тұлабойы есеп.
Өсекке кіріспе, есепке кіріс.
Өсекке кірмесе, есепке кірмес.
Өсекші ауыз жыбырламай тұрмас.
Өсекші жоқта, өкпелесу де жоқ.
Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек.
Өсекші мен өтірікші — егіз.