Нақыл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 19
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1536
Әңгімелер: 2

Сенімге ие болу — өмірді мәнді етеді.
©  Ілияс Есенберлин
Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.
©  Агата Кристи
Мылтық - оқудан соңғы өнер.
©  Ақан Сері
Дүние жеткізбейді ойласаң да,Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.
©  Ақан Сері
Жай жату – тек бүгінгі жанның қамы.
©  Ақан Сері
Адамға сырттан ғайбат жарамайды.
©  Ақан Сері
Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.Көнбейді жаман адам ынтымаққа,Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.
©  Ақан Сері
Алтынды орағанмен жез болмайды,Жібекті жуғанменен бөз болмайды.Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,Жаманның көкейінде көз болмайды.
©  Ақан Сері
Шірімес алтын жерде жатқанымен,Оқ өтпес ажалсызға атқанымен.
©  Ақан Сері
Жалқауға – сөз, жаманға – таяқ өтпес.
©  Ақан Сері
Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.Басына ер жігіттің іс түскенде,Арасы қас пе достың абайланар.
©  Ақан Сері
Жігіттің көз тоқтаттық қандайына:Шешеннің тәңір берген таңдайына.Батырдың қайрат берген жүрегіне,Малдының ырыс берген маңдайына
©  Ақан Сері
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,Тексізден текті тумас мақтаса да.
©  Ақан Сері
Жабыға – салма тоқым жалы бар деп,Жаманға – басыңды име малы бар деп.
©  Ақан Сері
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.
©  Ақан Сері
Су шықпас қазғанменен тау басынан,Қазақтың дау кетпейді сау басынан.Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
©  Ақан Сері
Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды,Tap қылып төрт аяғын, байласа да.Жатпайды болат пышақ қап түбінде,Өтпейді жасық темір қайраса да.
©  Ақан Сері
Дүние адастырар қуғаннан соң,Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.Дүние – аз күншілік фани жалған,Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.
©  Ақан Сері
Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,Әр адам өз әлінше базарлайды.
©  Ақан Сері
Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.
©  Ақан Сері
Пасықтың пиғылы — лас.
©  Ақан Сері
Ит үрер жақсыға да, жаманға да.
©  Ақан Сері
Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.
©  Ақан Сері
Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,Екінің бірі мырза тасқан жерде.Жамандар көре алмаған қылады өсек,Лайық заманында асқан ерді.
©  Ақан Сері
Шапса да қанша жүйрік біреу озар,Болмайды кіл үмітті қосқан жерде.Билер көп төр алдында сөзін созар,Жол табар көсем қайта қысқан жерде.
©  Ақан Сері