👈 қаріп өлшемі 👉

Оқу туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 32
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 40
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 44
Туындылар: 3
Әңгімелер: 22
Анекдот, әзілдер: 5

Бізде бакалавр дәрежесін иеленген мамандар өте көп. Бірақ… 
—  Рэй Крок
Оқу оқымай оң жол жоқ, оқымасаң тар жол көп.
—  Естеу ЖҮНІС
Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам..
—  Әлкей Марғұлан
Кітап оқу басқалардың миымен ат жарыстыру; ойланып-толғану өз атыңмен өзің зымырау. 
—  Артур Шопенгауэр
Өмір алғашқы 40 жылда бізді оқулықпен оқытады, сосын кейінгі 30 жылда соған түсініктеме берумен болады. 
—  Артур Шопенгауэр
Әр қазақ Абай мен Шәкәрімді оқуы керек
—  Асқар Мұқанов
Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң. 
—  Жүсіпбек Аймауытов
 Шет тілдерін үйреніңіз. Бұл әлемді қабылдау тереңдігін кеңейтеді және оқу, даму және мансаптық өсудің бұрын-соңды болмаған перспективаларын ашады. 
—  Павел Дуров
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады 
—  Константин Ушинский
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. 
—  Константин Ушинский
Оқу — бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек — ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында. 
—  Константин Ушинский
Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында. 
—  Константин Ушинский
Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып үйрену керек болмақ.
—  Сенека
Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).
—  Роберт Кийосаки
Өзіне-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.
—  Әлихан Бөкейханов
Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз. 
—  Аркин Ефим Аронович
Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.
 
—  Антон Чехов
Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын. 
—  Майкл Фарадей
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. 
—  Ахмет Байтұрсынұлы
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. 
—  Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету..
—  Ахмет Байтұрсынұлы
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек. 
—  Ахмет Байтұрсынұлы
Мен еш уақытта еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын. 
—  Альберт Эйнштейн

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы