Мақтау туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 31
Нақыл сөздер: 25
Әңгімелер: 2

Iзгiлiктi көрсем мақтаймын, бiрақ лайықсыз iстер тартады да тұрады. 
©  Овидий
Мақтауды өкпеге немесе қорлыққа айналдыру оп-оңай.
©  Эрик Берн
Мақтану немесе өзін-өзі мақтау - өзінің рухани жыртығына жамау іздеу деген сөз.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Сын менің көңіл-күйімді қатты бұзбайды, ал мақтау оны айтарлықтай жақсартпайды.
©  Серхио Рамос
Адамды мақтап та табанға салып таптапта өлтіруге болады.
©  Естеу ЖҮНІС
Қазақтың сөзі асыра мақтауға да, жермен-жексен етуге де жетеді. Бірақ конденсат пен резисторға келгенде, бүгелектеп қала береміз.
©  Асқар Жұмаділдаев
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.
©  Ақан Сері
Сыпайы сырттан мақтар.
©  Ақан Сері
Мақтау мен масаттану — даусыз мойындаудың күнгей беті де, күндеу мен қызғаныш — көлеңке беті. 
©  Әбіш Кекілбаев
Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық. 
©  Лао-цзы
Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Ақымақты мақтасаң – қуанады.
 
©  Саиф Сараи
Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Егер сені мақтаса, онда білгенің жөн, сен әлі де болса өз жолыңда емессің, басқалар үшін ыңғайлы жолдасын. 
©  Фридрих Ницше
Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру 
©  Ғабит Мүсірепов
Мақтаулар — жақсы нәрсе, мадақтар да әдемі нәрсе ғой, алайда махаббат — адамның өз мінезі мен мүмкіншілігінің арқасында жеңіп алатын баға..
©  Марк Твен
Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.
©  Абай Құнанбаев
Кәміл адам мақталса да, айыпталса да, халі өзгермейтін адам!
©  Омар ибн Абдулазиз
Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.
©  Мигель де Сервантес
Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.
©  Будда
Бiз бәрiмiз мақтағанды ұнатамыз.
©  Авраам Линкольн
Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.
©  Бауыржан Момышұлы
Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.
©  Бауыржан Момышұлы
Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.
©  Мишель де Монтень
Басқаларды даттап, өзiңдi мақтап тұратын адамды ешқашан тыңдама.
©  Лев Толстой