Тұлпар туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 13
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 59
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 5
Поэмалар: 1
Аңыздар: 4

Тұлпар туған биенің,Шабысына мін тақпаЖарлысың деп жақсыныңТабысына мін тақпа
©  Шілтерханов Әдіһам
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,Тексізден текті тумас мақтаса да.
©  Ақан Сері
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.
©  Ақан Сері
Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды,Tap қылып төрт аяғын, байласа да.Жатпайды болат пышақ қап түбінде,Өтпейді жасық темір қайраса да.
©  Ақан Сері
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді. 
©  Әйтеке би
Сұңқарды сұңқар деу керек.Тұлпарды тұлпар деу керек. 
©  Фариза Оңғарсынова
Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады.
©  Бауыржан Момышұлы