👈 қаріп өлшемі 👉

Жат туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 30
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 4
Эсселер: 1

Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,Жақыныңның жат боларын кім білген... 
—  Мұқағали Мақатаев
Жақсының қадірін жақыны білмес, жат білер деген бар, туысқа өкпелеме.
—  Нұрхалық Абдырақын
Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.
—  Қорқыт ата
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.Өз тілін білмей тұрып..
—  Халел Досмұхамедұлы
Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін..
—  Қазақтың би-шешендері
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін. 
—  Бұқар жырау
Жар басына қонбаңыз — дауыл соқса үй кетер,Жатқа тізгін бермеңіз — жаламенен бас кетер. 
—  Бұқар жырау
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер. 
—  Бұқар жырау
Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.
—  Абай Құнанбаев

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы