Мария Монтессори

Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: