Мишель де Монтень

Мишель де Монтень (28. 2. 1533, Бордо маңы, —13. 9. 1592, сонда) — француз философы, жазушы. «Тәжірибелер» деген еңбегімен мәлім. Философиясында өзек етіп ұстаған негізгі принципі — скептицизм (күдіктену). Мишель адамдар өзгеріп-жаңарып отырады, сонымен бірге оның сана-сезімі де, ой-пікірі де жаңаланады, себебі олар оның жеке басына тән қасиет дейді. Сондықтан адам біткеннің бәрінің айтқандарын асыра бағалап, оларға талғаусыз бас ие беру қате деп түсіндіреді.Қ ұдай мен дінге қарсы шықпай-ақ адам өлгенімен «жаны өлмейді» деген негізгі қағидасының күдікті екендігін дәлелдейді. Мишель дүниені танып-білуге болмайды дейтін агностицизм бағытынан өзін аулаққа салады.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы