Сын туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 20
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 63
Нақыл сөздер: 30
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 2

Сын ауыр болса кемшіліктерден арыласың, сын әділ болса ауруыңнан жазыласың. 
©  Нарша Булгакбаев
Мен бәріне құрметпен қараймын және кез – келген сынды қабылдаймын-бұл мені әлдеқайда күшті етеді және алға басады.
©  Серхио Рамос
Сын менің көңіл-күйімді қатты бұзбайды, ал мақтау оны айтарлықтай жақсартпайды.
©  Серхио Рамос
Сыннан еш пайда жоқ — ол адамды ақталу мақсатында өз-өзін қорғауға мәжбүрлейді. Сын айту — қауіпті, өйткені адамның намысына тиеді, жеке басына..
©  Арман Тосқанбаев
Егер сіз сынды тыңдағыңыз келмесе, жаңа ештеңе жасамаңыз.
©  Джефф Безос
Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi. 
©  Артур Шопенгауэр
Көрінгеннің сынына құлақ асатын уақытым жоқ
©  Қанат Ислам
Мен әрқашан қатал сынға қарамастан, өз жолымды жалғастыра беремін.
©  Владимир Кличко
Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.
©  Ақан Сері
Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады
©  Роберт Кийосаки
Орынды сын ойлантпай қоймайды 
©  Дінмұхамед Қонаев
Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. 
©  Дінмұхамед Қонаев
Ақиқаттан атап кету — арға сын. 
©  Дінмұхамед Қонаев
Баланы жиі сынаса, ол кінәлауды үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.
 
©  Бернард Шоу
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ақиқат — тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе. 
©  Альберт Эйнштейн
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. 
©  Ғабит Мүсірепов
Басқаны сынамас бұрын, өз кемшiлiктерiңiз туралы айтыңыз. 
©  Дейл Карнеги
Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді. 
©  Михаил Литвак
Сын - шын болсын, шын сын болсын.
©  Мұхтар Әуезов
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.
©  Мұхтар Әуезов
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
©  Мұхтар Әуезов
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
©  Абыл Тілеуұлы
Ақиқатқа сын жағады, себебі жеңісіне сеп болады; жалған сыннан қорқады, өйткені жеңілуіне сеп болады.
©  Дени Дидро