Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және..
©  Джеки Чан
Ешкім күнәсіз емес. Менде әулие емеспін. Мен өзімді қалай дұрыс ұстау керектігін әлі де үйреніп жүрмін
©  Джеки Чан
Мен трюк жасай алмайтын күнім — менің соңғы жұмыс күнім болады
©  Джеки Чан
Табысты болудың ең жақсы жолы — істейтін нәрсеңе ғашық болу
©  Джеки Чан
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
©  Абай Құнанбаев
Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.
©  Абай Құнанбаев
Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
©  Абай Құнанбаев
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.
©  Абай Құнанбаев
Егер ісім өнсін десең — ретін тап.
©  Абай Құнанбаев
Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
©  Абай Құнанбаев
Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің..
©  Абай Құнанбаев
Досыңа достық — қарыз іс.
©  Абай Құнанбаев
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.
©  Абай Құнанбаев
Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.
©  Абай Құнанбаев
Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.
©  Абай Құнанбаев
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
©  Абай Құнанбаев
Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.
©  Абай Құнанбаев
Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
©  Абай Құнанбаев
...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
©  Абай Құнанбаев
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
©  Абай Құнанбаев
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
©  Абай Құнанбаев
Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.
©  Абай Құнанбаев
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
©  Абай Құнанбаев
Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
©  Абай Құнанбаев
Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы...
©  Абай Құнанбаев