Ағайын туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 108
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 111
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 20
Құттықтау, тілектер: 7
Баталар: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 10
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1

Ағайынды жатқа сатқан жаман,Биесін атқа сатқан жаман
©  Самет Оқанұлы
Жақсы ағайын, жақсы әйел,Басыңа қонған бақпен тең.Қадір білмес жақының,Таныспаған жатпен тең
©  Самет Оқанұлы
«Туғаның» дегенге қарамадық,«Құда» дегенде жалт қарадық.Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп, арнайы сыйлауға..
©  Түркі халықтары
Арпасыз ат (қыр) аса алмас,Арқасыз батыр əскер басқара алмас.(Арпасыз – жемсіз. Арқасыз – жəрдемсіз).Бұл мақал ағайын-туғандардың бір-біріне..
©  Түркі халықтары
Үй іші, ағайын туралы
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.Ағам бар еді мір тілді – жағам жыртылды.Бір..
©  Дихан Қамзабекұлы
Ағашты желім қосады, Ағайынды келін қосады. 
Тату болса – ағайын жақын,Адал болса – дос жақын. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Бар ағайын асырай алмайды,
Жоқ ағайын көре алмайды.
Арғымағың жамандап,
Кәні, бұдан тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәні, туған тапқаның.
Ағайын алыста болса, кісінесер,
Жақында болса, тістесер.
«Ағайын!» десе, аң қарадық,
«Қайын» десе, тез қарадық.
Ағайынға қадірің болмас,
Күнде бетіңді көреді.
Әйелге қадірің болмас,
Етіңді көреді.
Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
Ағайынды қарындас, жең үшінен жалғасыңдар.
Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.
Ағайын-туған кімде жоқ,
Сыйласпа, жаттай жоқ.
Ауруын жасырған өледі.
Ағайынын жасырған бүлінеді.
Ағайынды болсаң да,
Ажалды екеніңді ұмытпа.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.
Ағайын - ащы,
Мал -тұщы.
Артқы айылдың басқанын иесі білмес, ат білер,
Ағайынның азғанын жақын білмес, жат білер.
Бар болсаң ағайының көре алмайды,
Жоқ болсаң "мә, саған" деп бере алмайды.
Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.