Дихан Қамзабекұлы

Дихан Қамзабекұлы (1966 жыл, Жиынбай ауылы, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) – филолог, әдебиет тарихшысы, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), алаштанушы, ҚР ҰҒА академигі. ҚазПИ-ді (1990, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында (1990-1996), Еуразия ұлттық университетінде Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. аға ғылыми қызметкер, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1996-2000), Қазақ Ұлттық музыка академиясы тіл және әдебиет кафедрасының меңгерушісі (2001-2004), Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институттың директоры (2004-2005), оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 2006 жылы Еуразия ұлттық университетінде "Алаш" мәдениет және рухани даму институтын құрып, қалыптастырды. Қазір де осы университеттің проректоры. «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 500-ден астам ғылыми және танымдық жарияланымның авторы. Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекет жастар сыйлығы лауреаты (2000).[2]. "Дихан Қамзабекұлы - Айтматов академиясының академигі"(қолжетпейтін сілтеме) . ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2012), "Құрмет" орденінің иегері (2009). «Смағұл Садуақасұлы» (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Ағартушылық және әдебиет» (2003), «Пайым» (2004), «Алаштың рухани туғыры» (2008), «Смағұл Садуақасов» (2009), «Түркістан алқасы» (2011), «Жәдитшілдік және Алаш: түсіндірме сөздік» (2012) кітаптарының авторы. С.Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Аймауытұлы, Х. Болғанбай, С.Ғылмани т.б. академиялық мұрасын жариялады. 3 деректі фильмге сценариий жазған («Қазақтың Қошкесі», «Бата», «Көздің қарашығындай»).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: