Ұрыс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 27
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 7
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 11
Әңгімелер: 1

Ұрыс ырысты қашырар,Ынтымақ халықты асырар
©  Самет Оқанұлы
Соғысып ұрысар,Ортада тон жыртылар.Бұл мақал кісілерді ұрыс-жанжалдан аулақ болуға үндейді.
©  Түркі халықтары
Жер жыртарда ұқыпты болса,Қырман уақытында жанжал болмас.Бұл мақал əрқандай істің ақырында ұрыс-жанжал болмауы үшін алдын ала келісіп алған жөн деп..
©  Түркі халықтары
Екі бура үйкенісер,Ортасында сона жаншылар.Бұл мақал екі бек ұрысса, арасындағы адам жапа шегеді деген мағынада қолданылады.
©  Түркі халықтары
Батырлармен ұрыспа,Бектермен тұрыспа.
©  Түркі халықтары
Махаббатта, ұрыс сияқты, уақыт қымбат.
Ұрыста сенімділік жеңеді.
Арақ жүрген жерде ұрыс бар,Орақ жүрген жерде ырыс бар.
Найзаның орны ұрыста.
Бір түннің мың ұрысы бар.
Баласы көп болса,
Ұрыс бастайды.
Жылқысы көп болса,
Қоныс бастайды.
Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.
Ұрысы күшті болса, иесі айыпты болады.
Ұрысса да — өз жақсы,
Таласса да — өз жақсы.
Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.
Керістен ұрыс басталар.
Өз үйінің жиырма күн иесі болса,
Бір күн ұрысы болады.
Әскерлік оқудан бейнет көрсең,
Ұрыста қиналмайсың.
Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.
Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Қылыш түбі — ұрыс.
Ұрыс болса, ырыс қашады.
Ерлі-байлы ұрысар да, керісер,
Көрісер де келісер.
Ұрыстың арты — реніш,
Татулықтың арты — кеніш.