👈 қаріп өлшемі 👉

Келін туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 35
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 68
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 10
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 23
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 7

Қайын енесі өзінің жастығын есіне алады және келініне сенбейді.
Қайын енесі жақсы болса, келіні де жақсы.
Ағашты желім қосады, Ағайынды келін қосады. 
КЕЛІННІҢ ҚҰЛАҒЫНА АЛТЫН СЫРҒА
Бұл мәтелді атам қазақ «айтылар сөзді келіндер естімей-ақ қойсын» мағынасында айтқан. Баланың жөні бір бөлек те, келіннің жөні бір бөлек. Келіннің..
—  Төрехан МАЙБАС
 Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

Келіннің мәртебесі, отбасындағы рөлі туралы монолог әзірлеңіз. Сөз ішінде мақал-мәтелдерді пайдаланыңыз.
—  Гүлтас Құрманбай
Жасырын нәрсе – келінде («ол жақсы нәрсені өз ері үшін жасырып қояды» деген мағынада).  
—  Махмұд Қашқари
Келіннің үш күйеуі болады:
Алғашқы күйеуі – алтын елі,
Екінші күйеуі – ар-намысы,
Соңғы күйеуі – алған жары.
Алтын елге..
Қойшының — таяғынан,Келінің — аяғынан. 
Келін қайын енесінің топырағынан жаралады.
Қатынның шайпау болғаны – болмағаны,
Келіннің шайпау болғаны – оңбағаны.
Жақсы үйге түскен - келін болады,
Жаман үйге түскен келін - келсап болады.
Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Келіні жақсының керегесі алтын.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Жақсы енені
Жаман келін жер қылады.
Жақсы келін
Жаман енені ел қылады.
Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.
Келін кейін отырар болар,
Көтерілуге бейім отырар болар.
Жақсы келін — қызыңдай,
Жақсы күйеу — ұлыңдай.
Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!
Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Келін жаман емес, келген жері жаман.
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы