Төрехан МАЙБАС

Майбас Төрехан (Әкімжанов Төрехан Майбасұлы, 1954 ж. т.), жазушы, журналист, өлке тарихын зерттеуші. Шет ауданының түлегі. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан.

ҚарМУ-ді бітірген (1980). Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы — Агадырская новь» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары, редақторы болған. 1998-2006 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, 2006-2013 жылдары "ҚазАқпарат" баспасының директоры, республикалық "Жас қазақ" апталығының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болады. Бүгінде Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газеті Бас редакторының орынбасары. ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері (2004). Көптеген этно-танымдық мақалалардың, «Кенді өлке» (1990, орыс тілінде), «Керней шежіресі» (2002, 2005), "Елқұжат", "Абадан", "Шікіл", "Үшінші ауыл", "Оныншы ауыл", "Айбар", "Жауһар", "Портреттер" (2013) кітаптарының, "Айбөкен" прозалық жинағының (2011) авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: