Құл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 36
Өлеңдер: 41
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 43
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Баталы құл – арымас,Батасыз құл – жарымас
©  Самет Оқанұлы
Дүниеқор – дүниенің құлы,Әркім – сүйгеннің құлы
©  Самет Оқанұлы
Тәртіпсіз ел болмайды,Тәртіпке бағынған құл болмайды
©  Самет Оқанұлы
 Нәпсіге жеңілген патша – құл,Нәпсіні жеңген құл – патша
©  Самет Оқанұлы
“Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.”
©  Самет Оқанұлы
Құл – жау,Ит – бөрі.Құл өзінің қожайынының малын қолына түсірсе, дереу құртып жібереді. Мүмкіндік тапса, қашып кетуді ойлайды. Ит те, үй иесіне..
©  Түркі халықтары
Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас"Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас" делінген сөз осындайдан айтылған. Естіген сөзімнен сөз қалмасын..
Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас "Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас". Түсті байдың ойына деген бір қарттың..
Тағдырға мойынсұнған құл болып қайтыс болады.
Қызды асырай алмаған,Күң етеді,Ұлды асырай алмаған,Құл етеді.
Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.
Ер азамат белгісі - түзде мырза үйде құл
Бай әйел алған өмір бойы құл болып өтеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Берейін деген құлына,
Айдап салар жолына.
Бермейін деген құлына,
Іздесе табылмас пұлына.
Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.
Бек қайда барса, құлы сонда.
Әркім сыйлағанның құлы.
Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
Аспаннан киіз жауса да,
Құлға ұлтарақ тимейді.
Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.
Бай көшерде жүгін жинайды,
Құл жұлығын жинайды.