👈 қаріп өлшемі 👉

Құдық туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 25
Жұмбақтар: 6
Өлеңдер: 3
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Су ішсең, құдық қазушыны ұмытпа.
Өрт шыққан кезде құдық қазуға кеш болады.
Құдыққа түкірмеңіз, су ішу үшін керек болар
Күнде ертеңнің,Құдығы аршылмайды. 
Алыстағы апаннанАлдыңдағы құдық қайырлы. 
Құмнан құдық қазсаң,Шегенде.Қозым жатсын десең,Көгенде. 
Бір кісі қазған құдықтанМың кісі су ішеді.
 Құты қашқан құдыққа құласа, үстіне құм құйылар.

Құт сөзінің синонимі береке. Сонда берекесі қашқан адам дегенді білдіреді. Ал осы мақалдың..
—  Гүлтас Құрманбай
Құдығында су бардаЖігітті шөл қинар ма?
Бақытсыз жан құдыққа тығылса-құм жауар.
Суы тартылған құдықтан су алу – босқа әурешілік.
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Әрбіреуге құдық қазсаң,
Түсерсің өзің.
Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Қинау үшін құйын шығарып алады.
Құлан құдыққа түссе,
Құрбақа айғыр болар.
Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Үстінен құм жауар.
Құдықшы құдық түбінен шықпайды.
Шұқырдан шығып,
Құдыққа құлады.
Құдыққа түкірме ішерге керек болады.
Дария жанынан құдық қазба.
Терең құдықтың суы тәтті.
Оттың қасынан от жақпа,
Елді бұзады.
Құдық қасынан құдық қазба,
Жерді бұзады.
Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы