Бүркіт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 15
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 36
Жаңылтпаштар: 2
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Аңыздар: 3

Бүркіт шаңқылдаса, өлер.
©  Түркі халықтары
Бүркіт шыбындарды ұстамайды.
Бүркіт қанаттары болған кезде бостандықта болады
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады.
Саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ.
Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады.
Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады,
Қаршыға бабына келгенде түлкі алады.
Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
Алжыған бүркіт тышқаншыл.
Бүркіттің сайрағаны – өлгені.
Бүркіт салсаң, алтайы түлкіден бөрік киерсің.
Бүркіт қартайса — тышқаншыл.
Бүркіт саңқылдаса,
Киік күйбектейді.
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.