Әділдік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 41
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 2

 Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен,Әділдіктің ащы уын ішкен артық
©  Самет Оқанұлы
Әділдік бар жерде, татулық та бар.Татулық бар жерде, бақыт та бар. Бақыт бар жерде, керемет өмір бар.  
Әминадай сенімдіге тиіскен сыбағасын алады
Әділ бидің кегі жоқ,Білімдінің кемі жоқ. 
©  Қазақтың би-шешендері
Байлықтың не керегі, қайыры болмаса,
Биліктің не керегі, әділдігі болмаса.
Әділдік әкімге де, әлсізге де, әркімге де бірдей.
Әділдік мақсатқа жеткізеді.
Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?
Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.
Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.
Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!
Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды
Тура айтсаң туғаныңа жақпайсың, қатты айтсаң қатыныңа жақпайсың