🛑 Шариғат рұқсат еткен!!!


Жасым 40 жаста. Әдемі, көркем мінезді, өзінің қызметі бар, 4 баламның анасымен жақсы ғұмыр кешіп жүрген едім. Өмірім тыныш әрі бақытты тұғын.



Бірақ, күнде оған: Шариғат 4 әйелге дейін алуға рұқсат еткен! - деп миын жейтінмін.
Ол маған: «Егер шариғат еркектерге 4 әйел алуға рұқсет еткен болса, әйелдерге де көп нәрсе жасауға рұқсат еткен!
Егер үстімнен қатын алсаң, сенімен бірге өмір кеше алмаймын! Саған шариғат ненің рұқсат бергенін көрсетемін» - деп жауап қататын.

Өмірім керемет еді...
Бірақ, кенеттен үйленуге шешім қабылдадым да, тоқал алдым.
Шынымен де бәйбішем кетіп қалды...
Махаббаттан мастанып жүргендіктен, оған елең ете қоймадым. Кетсе, қайтып келер! - дедім.
Махаббаттың мастығымен тоқалды алып Дубайға сапарлатып кеттім.

Бәйбішем - туысқандарының бірін араға салып, менен талақ беруімді сұрады. Мен болса, оны шын мәнінде жоғалтқым келмегендіктен, талақ берген жоқпын.
Сосын... Сотқа барып ажырасуға өтініш тастады.
Соттың шешімімен ажырасып кете барды...
Оны жоғалтқан кезде, айрылысудың әлемінен өле жаздадым!

Тоқалыммен де мастық бітіп, араға суықтық кірді.
Одан да қатты күйінгенім, қасымдағы ең жақын досым деп жүрген бір жігіт - әйеліме үйленуге ұсыныс жасап, әйелім соның отын жағуға келісім бере салды.
Ал досым, әйелі қайтқан, мінезі өте керемет жан еді.
Бір сөзбен айтқанда, менен жақсы болса жақсы шығар, бірақ, жаман емесі анық еді!

Содан оған хабарласып, бұл шешімінен қайтуын өтіндім. Оның жауабы: «Маған күйеуімнен ажырасқаннан соң, өзге еркекпен отасуға шариғат рұқсат еткен!» - деген сөз ғана болды!

Шынымен араларында неке қидырды!
Досыммен бірге европаны шарлап 3 айға сапарлап кетті!
Әлеуметтік желілердегі олардың суреттерін, жүріп-тұрыстарын көрген кезде өлгім келетін...

Жәйбарақат өмірімді махаббатының мастығымен талқандаған тоқалыммен ажырасып тындым. Бала-шағам да анасымен бірге кеткендіктен, мына өмірдегі жалғыздық деген не екенін шын түсіндім...


Бұл жазбаны шығарған кезде, мың ойланып, жүз толғандым. Бірақ, көптеген еркектер бәйбішесін бағалай алмай жатқанының күәсі болып жүргендіктен, осында шығаруға бел будым. Әсіресе, жаман қыздарға барып, жаман ауру жұқтырып, өзінің адал-пәк жарын да ауру етіп жатқаны қаншама?! Немесе, өзгеге көрсеқызарлықпен төсек жаңартып, артынан тыныш өмірі азапқа айналып жатқандар қаншама?! Біз қашан барды бағалай білер екенбіз?!!

Осы жазбаға кей жігіттер: Шариғаттың рұқсаты! Оған қарсы шығатын сіз кімсіз? - деп байбалам салып шығар. Өзі айтып тұрғандай, үгіттеуі, міндеттеуі, емес, рұқсаты! Бұл жазбаммен шариғаттың рұқсатын мансұқтағым келіп жатқан жоқ! Махаббатқа масайып алған адамдар, шешім қабылдарда ойланса екен! Алда қандай қиын күндермен кезігу мүмкін екенінің байыбына барса екен деймін...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу