🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ


Мұндай жағдай Қазақстанда ешқашан болған емес еді енді міне тағы Президенттен өз қарызын кешіруді, зұлым банктерді жазалауды сұрап, егер талабы орындалмаса, өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқыту сәнге айналды.



Белгілі медиа тұлға Лилия Рах Президентке Jusan Bank-пен болған іске қатысты шағымын айтып, жүгінді. Әдеттегідей, артық хайпсыз не болғанын, кімдікі дұрыс екенін және мәселені шешудің қандай жолдары бар екенін түсіндірейік.

Лилия Рах – әйгілі қазақстандық стилист, байер, сәнді дүкендер желісінің негізін қалаушы және, айтпақшы, осы жылдың сәуір айынан бастап ресейлік бірінші арна бағдарламасының жүргізушісі. Әріптестердің сілтемелеріне сүйенсек, әңгіме 2012 жылдан бері келе жатқан ескі қарыз турасында — сол уакытта оның компаниялары Цеснабанкке кепіл несиелер алған, содан кейін банк Jusan Bank болып өзгерді. Бұл жерде миллиардтаған теңге мен миллиондаған доллар туралы айтылуда, яғни несиелердің бір бөлігі басқа валютада болса керек.


Өкінішке қарай, оның бейнежазбасында еш конкретика жоқ, тек эмоциялармен Лилия барлық кепіл мүлкі сатылды деп мәлімдейді, бірақ банк алдындағы қарызы сонда да қалса керек. Өкінішке қарай, бұндай жағдай әсіресе валюталық несиелер алғанда орын алады, өйткені валюталық тәуекел қарыз алушыға түседі және оны әрқашан ескеру қажет. 2008-09 жылдары көптеген валюталық ипотекалық несиелер болды, олар тіпті доллармен арзандап кеткен пәтерін сатқан кезде де қарыздар болды және бұл қалыпты жағдай.


— «Jusan Bank-тің Л. Рах ханымға қатысты талап-арыз бойынша жүргізген барлық жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар оның 2016 жылдан бастап банк алдындағы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамауының салдары және ол тиісті соттардың шешімдерімен расталған. Банк ең алдымен, өз клиенттері мен салымшыларының мүддесін ескере келе әрекет етеді», - деп жазылған банк жауабында. – Өз іс-әрекеттерінде банк бірінші кезекте өз клиенттері мен салымшыларының мүдделерін басшылыққа алады. Банк мерзімі өткен берешекті өтеу шарттарын талқылау үшін ашық. Банк пен Қарыз алушының өзара қарым-қатынасының егжей-тегжейлері банк құпиясы туралы заңнамамен қорғалатын ақпаратқа жатады.


ШЫН МӘНІНДЕ, бұл қалыпты жағдай. Көптеген адамдар кепіл мүлкін сатып, басқа ештеңе қарыз емеспін деп ойлайды, бірақ олай емес. Нарықтық процестердің салдарынан кепіл мүлкінің құны арзандап кетуі мүмкін, сол себепті оны сату несиені толық өтеу үшін жеткіліксіз болады. Қалай болғанда да, несиелер – бұл әркім өз жауапкершілігімен мойнына алған міндеттемелер, бірақ бәрі де оларды төлегісі келмейді. Сондай-ақ, қарыз алушының бұндай жағдай орын алғанда шығу жолы бар – сот және банкроттық. 2016 жылдан бері төленбеген несиелер қазір Ресейдің Бірінші арнасында жұмыс істей бастағанда пайда болғаны өте таңқаларлық. Алайда, егер қарыз алушының мүлкі және ресми жұмысы болса, онда өзін банкрот деп жариялау қиынырақ. Жағдай қандай болғанда да, кез-келген нашар несие – бұл басқа салымшылардың ала алмайтын ақшасы екенін ұмытпаңыз.


@FINANCEkaz процестің барлық қатысушыларына шамадан тыс эмоцияға берілмей, проблемаларды шешудің барлық тетіктері бар заң аясында қалуға кеңес береді. Қазақстан заңнамасы өз кредиттері бойынша шынымен төлей алмайтындарға адал, бірақ төлегісі келмейтіндерге адал емес.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу