"Халықтың несиесі толығымен кешірілуі мүмкін бе?": Отандық сарапшы мәселенің ара-жігін анықтап берді


Отандық экономист Мақсат Халық көптің көкейінде жүрген "халықтың несиесін толығымен кешіруге" қатысты сауалдарға пікір білдірді. Маманның айтуынша, бұл мәселеге атүсті қарап, жөн-жосықсыз талап қоюға болмайды. Себебі, түптің түбіне келгенде, несиені үкімет тарапынан өтеу халық үшін де тиімсіз болуы мүмкін. 


Бұл туралы сарапшы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты. Қазіргі күні Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы шамамен 5 трлн теңге екені белгілі. Ал бұл тиісті көрсеткіштерге сай өте көп деп есептеледі. Бұл мәселені шешу үшін белсенділердің көбі үкіметтен тұрғындардың несиесін толығымен кешіруді талап етіп, осыған қатысты талаптарын айтып жүргені белгілі. Мәселенің "ақ-қарасына" отандық экономист маман тоқталып, бұл талаптың дұрыс-бұрыстығын анықтап берді. Мақсат Халықтың пікіріне сүйенсек, халықтың несиесін кешіру туралы шешім шығарылған күннің өзінде, ол халық үшін пайдалы емес.


"Үкімет бюджет есебінен кешіру керек болады. Ал бюджет - ол халықтың қаражаты. Өзіміздің бюджеттің шығынын қарасақ - 15 трлн теңге. Ал халықтың тұтынушылық несиелерінің барлығы 5 трлн теңгеге жуықтады. Ол біздің шығынның үштен бір бөлігі. Сонда үкімет соны несиені кешіруге жұмсау керек пе? Неге оны банктердің өзі кешірмейді? Бірақ мұнда екінші мәселе бар. Банктердегі ақша депозиттерден құралады. Тағы халықтың ақшасы кетіп қалады? Банк толық несиелерді кешіретін болса, онда депозитке салып отырған тұтынушыларға "сіздердің ақшаларыңыздан кешіреміз" деп айтуы тиіс. Нарықтың осындай бір заңдылықтары бар", - деп түсіндірді ол.


Сонымен бірге, ол банктерге берешегі бар кісілердің ісі коллекторлық компанияға өтіп кеткен жағдайда кешірілген несиелерді бәрібір төлеу қажет болатынын айтады.


"Төленбеген несие коллекторларға өтіп кеткен болса, онда тек банктің есепшотындағы несиелер кешіріледі де, ана жағдайлар жеке шешілетін мәселе болып қалады. Бұл жерде осындай көптеген қарама-қайшылықтар бар. Бұл жердегі ең жақсы шешім - жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау", - дейді ол.


Алайда маман бұған қатысты істер де заң аясында жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті. Яғни, жеке тұлғаның шын мәнінде несиені төлеуге қабілетті еместігін дәлелдейтін факторлар болуы тиіс, дейді ол. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу