42 500 теңгенің жыры тағы басталды ма?


Қазақстандық Instagram-аккаунттардың бірінде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған барлық жұмыссыздар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екені туралы жаңалық талқылануда. Бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді. Ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілді.


"Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн", – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.


Демек, қазақстандықтарды бұрын алған әлеуметтік төлемдерді қайтаруға міндеттейді деген хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұған дейін де осы сарындағы ақпараттар пайда болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларды да жоққа шығарды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман ШОЛПАН
    Оқырман ШОЛПАН 14.04.2023 14:21
    0 + 0 -
    МЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРДА ҚАЙТАРДЫМ 42500 ЕКІ РЕТ АЛҒАМ 85000 ҚАЙТАРДЫҚ,ҚАЙТАР ДЕГЕСІН
  2. Елубай Тамила
    Елубай Тамила 27.04.2021 15:45
    1 + 1 -
    Мен
    ің Қазағым әні.
    Менің қазағым сың.
    Мен сені қатты жақсы көрем қазағым мықты ғой.