👈 қаріп өлшемі 👉

2023 жылдан бастап жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы өседі


Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты төлем мөлшері ұлғайтылады.

Мемлекет басшысының осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері орта есеппен 13% ұлғаяды.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты жұмысынан айырылу бойынша 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады.

Бұл төлем жоғалған табыстың 40% дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін табысты алмастыру коэффициентін 40-тан 45% дейін арттыру көзделген.

Нәтижесінде, осы төлемдердің мөлшері орта есеппен 13% ұлғайтылады.

Жұмыс берушілердің МӘСҚ-ке олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.

Сонымен бірге аталған құжатта табысты жоғалту бойынша әлеуметтік тәуекелдердің барлық 6 түрі бойынша (жұмысынан айырылу; еңбекке қабілеттілігінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу) жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмысшылардың келесі санаттарын қосу ұсынылады:

- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

- интернет-платформалар мен платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшалары арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар. Бұл ретте интернет-платформа операторы жеке тұлға үшін шарт бойынша алынған табыстың 1% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар жүргізеді.

МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналғанын естеріңізге сала кетейік. Сондықтан да әлеуметтік төлем құқығы жұмыстан босатылған адам жұмыссыз ретінде тіркелген күннен баcталады.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Әнші Роза Әлқожа қызына су жаңа көлік сыйлады (видео) 16.09.2022
» Қазақстанда еңбекке қабілетті 9 млн адам тегін курстардан өте алады 16.09.2022
» 2023 жылдан бастап жұмыстан шығып қалғандарға төленетін жәрдемақы өседі 08.09.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы