Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты » ZHARAR © 2017 | қазақстандық, кейін, туралы, мәселені, жойғандығы, көрсеткіштерін, олимпиадасындағы, Мұхамедиұлы, Бұған, Лондон, халықаралық, мәлімдеген, қарастырып, атлет, комитеті, Халықаралық, олимпиада, дейін, Подобедованың, Чиншанло




  • »

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты казакша Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты на казахском языке

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ХОК жүлделердің күшін жою туралы шешімінен кейін қазақстандық ауыр атлеттердің алтын медальдер мен ақшалай сыйлықтарды өздеріне қалдыра алады ма, жоқ па – нақты жауап бере алмады. Бірақ Қазақстан бұл мәселені заң жағынан қарастырып жатқандығын мәлімдеді.

«Біз Ұлттық олимпиадалық комитетпен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, нәтижесін кейін хабарлаймыз. Бұл негізінде халықаралық заңнамаға қатысты мәселе. Қазақстанда мұндай жағдай алғаш рет орын алып тұрғандықтан, бұл мәселені мұқият зерттеп жатырмыз», — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан кейін.

Министрдің айтуынша, 1 қараша күні қазақстандық спортшылармен кездесу болады. «Егер халықаралық норма бойынша, спортшылар медальдерді қайтармауға хақылы болса, біз ол жағын да зерттейміз», — деп сөзін қорытындылады министр.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 382
Жаңалық айдары: Спорт, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .