Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

КІРІСПЕ
Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халықаралық экономикалық қатынастар қатынасады. Олар келесі нысанда болады:
- халықаралық сауда;
- капитал экспорты және халықаралық несие;
- халықаралық валюта қатынасы;
- халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы;
- ғылым мен техника аумағындағы халықаралық айырбас;
Елдер арасындағы экономикалық байланыс валюта алмастыруды да қажет етеді.
Валюта (баға,құн)- мемлекеттің ақша бірлігі. Ұлттық экономикалық өзара тәуелділігінің күшеюі валюта экономикалық қатынастарын қалыптастырды. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып , ұлтық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.
Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі пайда болды. Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.
Нарыққа өту кезеңінде ҚР-сы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі қажет . Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру , оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері
тұрды.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда . Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзін ұллтық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы болуы. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
ҚР-ның шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған . Олар жоғарыда айтылған заңға қоса “ҚР-ның ақша жүйесі туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсанындағы заң; “ҚР Ұлттық банкі туралы” 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; ”Банк және банк қызметі туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; “Бағалы қағаздар рыногы туралы” 2003 жылдың 16 шілдесіндегі заң; сонымен қатар ҚР Президентінің жарлықтары , Үкімет қаулылары мен Ұлттық Банк басқармасының нормативтік актілері (1994 жыылдың 24 қарашасындағы ҰБ басқармасы бекіткен “ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу тәртібі”).....
Курстық жұмыстар
Толық

0 5 жасқа дейінгі балалардың ақыл ойының даму ерекшелігі мен физиологиялық, психологиялық көрсеткіштерінің диагностикалық маниторингісі

Тақырып өзектілігі: Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады.
Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамымызға сай келетін баланың тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген.
Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады......
Ғылыми жобалар
Толық

Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау

Кіріспе
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу

Мөңке C. carasius (L) саны жағынан кең таралған балық. Тек Испанияда оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді [1]. Эльзаста және Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказьде ол жоқ болуы мүмкін. Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камчаткада кездеседі. Мөңке басқа тұщысу балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы құрсағымен оңай ажыратылады. «Карась» сөзінің мағынасың өзі- толық, семіз деген мағына білдіреді. Өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының болмауымен, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді.
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда да өзінің түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңкенің айырмашылығы аттарынан байқалып тұр. Алтын түсті мөңке жалпақтау, әдетте қою түсті, кейде қызыл кейде қызғылт - алтын түсті болып келеді. Күміс түсті мөңке денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес, қабыршақтары күміс түсті, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры үлкенірек. Тоқтау суларда, өзендердің сағасында тіршілік етеді. Бұлардың уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір жерден екінші жерге ауысып отырады, ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан соң ешқандай балық тіршілік етпейтін суқоймаларда мөңкелер тіршілік етіп жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың қатты ағысына қарсы тұра алмайтындықтан құмды немесе тасты жерден қорегін табуы қиындау болады және жыртқыштардан қорғана алмайды [2]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Арыстанбек Мұхамедиұлы зілтеміршілер медалін қайтару туралы айтты

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті үш қазақстандық ауыр атлет — Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованың 2012 жылы Лондон олимпиадасындағы көрсеткіштерін жойғандығы туралы мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
Толық