Сый туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 38
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 8
Әңгімелер: 5
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Құрғақ қасық ауызға жарамас (жақпас),Құр сөз құлаққа жараспас (жақпас).Бұл мақал, егерде біреуден көмек сұрағың келсе, оған да сый-сияпат дайындауың..
©  Түркі халықтары
Сыйға тартылған аттың тісің қарамаңыз.
Сыйға берілген аттың тістеріне қарамайды.
Сыйлық сыйды қажет етеді.
Жердің тілін білсең,Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.Елдің тілін білсең,Елге сыйлы боп жағарсың. 
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
Асыл сөз арнап берген сыйдан артық.
* Қазіргі кезде адамдарды берген сыйлығымен бағалап, құрметтеп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі материалдық дүние..
©  Гүлтас Құрманбай
Сыйға бергенді сынамас болар.
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
Әркім сыйлағанның құлы.
Әдемі киім өзіңе, тәтті асыңды елге бер,
Қонақ күтіп сыйласаң, атың шығып ел кезер.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас,
Ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.
Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.
Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.
Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.
Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.
Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.
Өсер өзін сыйлайды,
Өспес өзгені сыйлайды.
Бірінші көргенде, безін сыйлайды,
Танысқаннан кейін өзін сыйлайды.
Ұсталмаған киікті,
Ұсынумен сый ұтты.
Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.
Көп көрген үйренеді,
Көп білген сый көреді.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.