Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жүргеніңді жаралап,Жапсыратын жаман ат.Бірінші жауың білсеңіз,Темекі мен ақ арақ.
Ішке түскен ақ арақ,Бекер қарап жатпайды.Тал бойыңды аралап,Абыройыңды таптайды.
Өмір бір-ақ берілер,Таңда жолдың тәуірін.Арақ деген періден.Алшақтау жүр, бауырым!
Арақ жүрген жерде ұрыс бар,Орақ жүрген жерде ырыс бар.
Өтірік сөз өрге баспайды,Ащы су құрдымға бастайды.
Арақ болса серігің, ерте шығар өлігің.
Араққа жұмсаған ақша-арам ақша,Нанға жұмсаған ақша-адал ақша.
Сасыған арақ ас болмас,Ішпеген адам мас болмас.
Арақ абырой әпермейді.
Егінші жауында тынады,Қайықшы дауылда тынады.
Алдаушыны алдап түсіруден асқан ләззат жоқ.
Әдемі әйел өзінің әдемілігінен басқа ештеңе бере алмайды.
Керең құлақ оянбас.Бір оянса, қоя алмас.
Көңіл қартаймайды, көз қартаяды.
Көңіл сырын сөз білдіреді.
Көңілсізден көзсіз бала туар.
Көзі жаманның сөзі жаман,Сөзі жаманның өзі жаман.
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.
Кенеуі жоқ кеудеге сылдыраған сөз береді,Миы жоқ басқа бадырайған көз береді.
Көз көргенше, ауыз бақыр сөйлеп қал.
Көңілдегі құпияңды көзің айтып қояды,Көп сөйлеген күпілдеп сырын айтып қояды.
Көз көзге түссе, мейірі жүзге түседі.
Көзім – хат, көңілім – шот.
Көзінше мақтанба,Сыртынан даттама.
Көз сыртында көз бар,Тіл астында тіл бар.