Ми туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 30
Нақыл сөздер: 24
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Миы жоқ баста, өткір көзден пайда жоқ
 Жұрттың бәрі ақшаның жоқтығына шағымданады, мидың жоқтығына жан пенде үндемейді.
©  Жебірей
Ми күшті, бірақ көбінесе сенімсіз механизм.
Арақ миыңды кептіреді,Сыра сыйыңды кетіреді.
Кенеуі жоқ кеудеге сылдыраған сөз береді,Миы жоқ басқа бадырайған көз береді.
  Басында миы жоқтың,
Аяғында тыным болмас.
Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.
Қайғы қан аздырады,
Мылжың ми тоздырады.
Миға ерген дене азбайды,
Милыға ерген ел азбайды.
Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.
Баста ми жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.
Ми ойланғанды
Тіл тындырады.