Пенде туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 9
Өлеңдер: 90
Нақыл сөздер: 10
Туындылар: 1
Әңгімелер: 3
Поэмалар: 2

Алла деген пенделер,еш нәрсеге зар болмас
©  Самет Оқанұлы
Сұрамағын пендеден,жағарсың кейде жақпассың,Тілекті тіле Құдайданайқара ашқан қақпасын
©  Самет Оқанұлы
 Жұрттың бәрі ақшаның жоқтығына шағымданады, мидың жоқтығына жан пенде үндемейді.
©  Жебірей
Адам — жер бетіндегі тұңғыш бақытты пенде, өйткені оның енесі болмаған.
©  Жебірей
Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.
Пенденің қарны тойса,
Тілінен ерік кетеді.
Пенде көресісін көрмей,
Көрге кірмейді.
Пенде пейілінен табар.
Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.