Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жақсының сөзі —Жырмен тең,Жаздағы жаңбырНұрмен тең. 
Сусыз өмір жоқ,Отсыз темір жоқ. 
Жерге еткен жақсылықЖерде қалмас. 
Күріш,Күріш суымен ырыс. 
Арықтың көркі — сәмбі тал,Аттың көркі — құйрық, жал. 
Қара жер қарыз арқаламайды. 
Егінші еселеп,Кеусенші кеселеп алады. 
Су бар жерде ырыс бар:Ұстап балық жейсің,Ақ бидай егіп, нанын жейсің. 
Елдің көркі — жастық,Жердің көркі — астық. 
Диқан бабаның —Кетпенінен.Шопан атаның —Таяғынан. 
Көктен жауын жауады,Шөптен жұпар тамады. 
Орманды жерде отын көп,Шеңгелді жерде қотыр көп. 
Жер сәні — егін,Ер сәні — білім. 
Егін жерге бітеді,Ер жігіт елге бітеді.Қоға көлге бітеді,Көк жантақ шөлге бітеді. 
Елге мал көптік қылмайды,Жерге тал көптік қылмайды.Тарыға май көптік қылмайды,Күрішке су көптік қылмайды. 
Шөптің басын сындырмас,Сындырса да тындырмас. 
Жемісті ағашқа тас атпа,Буаз биеге тас артпа. 
Жер тозса — тақыр,Ер азса — пақыр. 
Күнде ертеңнің,Құдығы аршылмайды. 
Ер елдің көркі,Орман, тоғай — жердің көркі. 
Көктемеде жерге түскен бір дән.Күзді күні мың дән болады. 
Алыстағы апаннанАлдыңдағы құдық қайырлы. 
Жаңбыр жауса, жерге сый,Жігіт туса, елге сый. 
Достың айнасы — досы.Қостың айласы — мосы. 
Жерді теппе,Елді сөкпе.