👈 қаріп өлшемі 👉

Бидай туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Мақал-мәтелдер: 17
Жұмбақтар: 19
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 15
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

Су бар жерде ырыс бар:Ұстап балық жейсің,Ақ бидай егіп, нанын жейсің. 
Бидайдың кеудесін көтергені – Дақылының жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені – Ақылының жоқтығы.
*Кеудесін көтеріп, жұрттан өзін биік..
—  Гүлтас Құрманбай
Арпа, бидай —Ас екен,Алтын, күміс —Тас екен. 
Малды бақсаң, сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан.Егін ексең, бидай ек,Құт кетпейді даладан. 
Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады,
Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?
Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.
Қара жерден аппақ бидай өнеді.
Бидай арқасында қарамық та су ішеді.
Досыңа арпа алып келсең,
Бидай алып қайт.
Қарамықтың дәні болғанша, бидайдың сабаны бол,
Жаман елдің жақсысы болғанша, жақсы елдің жаманы бол.
Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы