Сыр туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Сыр" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Сыр" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Сыр" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Сыр" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 31
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 495
Нақыл сөздер: 22
Әңгімелер: 27
Поэмалар: 5
Шығармалар: 3

Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса төр көрінеді.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Алысар болсаң, шыныңды айт,
Табысар болсаң, сырыңды айт.
Дұшпанның шырын алам десең,
Суыртпақтап сырын ал.
Жауға жаның берсең де
Сырыңды берме.
Жатқа мініңді айтпа,
Жаманға сырыңды айтпа.
Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.
Сырын білмеген адамға
Сырыңды айтпа.
Қасақы қу жаманға
Шыныңды айтпа.
Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.
Тақыр жерге су төксең,
Жүруге тайғақ болар.
Жаманға сырыңды айтсаң,
Тар жерде айғақ болар.