Пышақ туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Пышақ" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Пышақ" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Пышақ" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Пышақ" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 26
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Бір жансыз табылады адамзаттан,
Іні бар жырақ қана кіріп жатқан.
Арқасы інге кірсе көрінбейді,
Ғажайып іс табылар осы заттан.

Жауабы: Пышақ
Бір денеде үш ін,
Бір інде өткір жұқасы.
Келесі екі қос әлібін –
Сақтайды отағасы.

Жауабы: Қын, пышақ, сақпы
Дөңгелек пішінді шелпекті пышақпен 3 рет түзу кесу арқылы 8 бірдей бөлікке бөле аласыз ба?

Жауабы: Шелпекті ортадан теңдей етіп бір бөлеміз. Кейін..
Қолға алсаң, қызмет етер,
Бүтінді
Бөлшектеуге шебер.

Жауабы: Пышақ
Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек.
©  Бауыржан Момышұлы
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен..
Асқынған ауруға пышақ ем.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Қасап та өзі,
Пышақ та өзі.
Пышағы өткір байымайды.
Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.
Мұрны кесілген жан пышақты аузына да алмас.
Жүз пышақта бір сап жоқ.
Пышақ өз сабын кеспейді.
Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерге пышақ ұрма.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Пышағыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
Битке пышақ суырма.
Пышағыңды қайрап жүр, не соярыңды білсеңіз,
Жауабыңды сайлап жүр, жолдасыңның не сұрарын білсеңіз.
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Қолымда сақинам бар алшығарай,
Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай.
Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады,
Сол жігітке тиемін мал..
Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.
Кезенген пышақ,
Кез бойы ұзарып кетеді.
Алтын пышақ өтпесе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол.