👈 қаріп өлшемі 👉

Ем туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 13
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 32
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1

Құдай емдейді, біз тек бинтпен таңамыз.
Ауру емделмейінше дәрігерге ақы төленбейді.
Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
Ауруын емдетпеген тез өледі.
Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.
Еңбексіз ауырса, емі табылмайды,
Есалаң жетіссе, теңі табылмайды.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Есі кеткеннен ем сұрама,
Есіріктен жөн сұрама.
Жаман сөз —
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —
Таптырмайтын ем.
Тілеп алған аурудың емі жоқ.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы