Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,Әр адам өз әлінше базарлайды.
©  Ақан Сері
Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.
©  Ақан Сері
Пасықтың пиғылы — лас.
©  Ақан Сері
Ит үрер жақсыға да, жаманға да.
©  Ақан Сері
Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.
©  Ақан Сері
Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,Екінің бірі мырза тасқан жерде.Жамандар көре алмаған қылады өсек,Лайық заманында асқан ерді.
©  Ақан Сері
Шапса да қанша жүйрік біреу озар,Болмайды кіл үмітті қосқан жерде.Билер көп төр алдында сөзін созар,Жол табар көсем қайта қысқан жерде.
©  Ақан Сері
Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.
©  Ақан Сері
Кімнің жақын, кімнің алыс екені – басыңа іс түскенде ашылады.
©  Ақан Сері
Хас сұңқар тұғырында тоғыз түлер.
©  Ақан Сері
Ерке ит ауыз жалайды.
©  Ақан Сері
Қызарған бет табылар, қызынған ниет табылмас.
©  Ақан Сері
Жаманды мың көргенмен ішің сүймес.
©  Ақан Сері
Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.
©  Ақан Сері
Жүрек сұлтан нәпсіге.
©  Ақан Сері
Астан — жілік, тойдан — ілік.
©  Ақан Сері
Сыпайы сырттан мақтар.
©  Ақан Сері
Жақсы жолдас сыр шашпас.
©  Ақан Сері
Адамға мал мен мансап — жолдас емес.
©  Ақан Сері
Тоқтау — сабыр лайық нәпсі тиып.
©  Ақан Сері
Жылпос — майдай жағылар.
©  Ақан Сері
Бұл заманның тамыры-құдандасы –Әуелі арбау менен ойлар сұмдық.Құдайдың бұйырмаған нәрсесіне,Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.
©  Ақан Сері
Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.
©  Ақан Сері
Пенденің жетпес көзі келесіге,Ібілістің кірмеу керек егесіне.Көңілді ықыласпен хаққа қойдым,Міну шарт тәуекелдің кемесіне.
©  Ақан Сері