Алыс туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 37
Өлеңдер: 49
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер: 4

Алыстан көп нәрсені күткенше, жақынға көз салып, айналаңды нұрландыр.
©  Нұрхалық Абдырақын
Кімнің жақын, кімнің алыс екені – басыңа іс түскенде ашылады.
©  Ақан Сері
Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,Төбесi көрiнген соң қиын болар.
©  Шал Құлекеұлы
Қасқыр апанын алыстан қорғайды.
©  Эльмира Омарбекова
Ақырын жүрген алысқа барады. 
©  Құтып
Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас,
Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.
©  Міржақып Дулатұлы
Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
©  Жүсіп Баласағұни
Алысты көре бiлмейтiн адам жанындағы пәленi де байқамайды.
©  Конфуций