Құс туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 127
Жұмбақтар: 23
Тақпақтар: 48
Өлеңдер: 239
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 16
Туындылар: 4
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 12
Шығармалар: 2
Аңыздар: 7

Ақылсызға қонған құс соқыр. 
©  Нарша Булгакбаев
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең .
Құстың даусы жұмсақ болса да қауырсыны қатты болады. 
©  Шандор Петефи
Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім..
©  Ілияс Есенберлин
Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.
©  Ақан Сері
Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.
©  Шал Құлекеұлы
Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…
©  Уинстон Черчилль
Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.
©  Уинстон Черчилль
Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.
©  Қорқыт ата
Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
 
©  Саиф Сараи
Ұшқан құсты қуып жете алмайсың. 
©  Құтып
Көгершін үйренген жеріне қонады. 
©  Құтып
Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі. 
©  Құтып
Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер. 
©  Құтып
Көктің сәні – құс әні, бала мен мал – жер жаны. 
©  Бернияз Күлеев
Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
©  Владимир Короленко