Батырлық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 42
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 12
Әңгімелер: 3
Эсселер: 2

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
©  Ғафу Қайырбеков
Батырлық иманда, қорқақтық сенің өз жиғаныңда.
©  Нұрхалық Абдырақын
Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.
©  Ақан Сері
Телегей теңіз қан төккен батырлықтан гөрі жалғыз тамшы көз жасын құрғатқан батырлық анағұрлым артық.
 
©  Джордж Байрон
Ел қамын жеген ер - басшы.
Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.
©  Тоныкөк
Пәтуәсіз ер - елге сор.
©  Тоныкөк
Ерлігі бар - елге жағар.
©  Тоқсары
Барлық бәлекет қаһарман жүрекке соғылып тас-талқаны шығады.
©  Мигель де Сервантес
Батырлықты ұятсыздықпен және алаңғасарлықпен шатастырмау қажет.
©  Жан-Жак Руссо
Ерлік тек батырлық қылықтар үшін ғана емес, сонымен бірге өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажет.
©  Адольф Дистервег
Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.
©  Бауыржан Момышұлы