Кедей туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 89
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 42
Нақыл сөздер: 45
Туындылар: 1
Әңгімелер: 25
Ертегілер: 5
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 10

Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.
Жас өседі, жарлы байиды.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонағы билейді.
Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталас бол.
Жарлы кісі бай болса, көтін қоюға жер таппайды,
Бай кісі жарлы болса, бетін қоюға жер таппайды.
Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Мал кедейлігінен, ақыл кедейлігі жаман.
Ұрыншақ ат арық болар,
Көңілшек жігіт жарлы болар.
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
Жарлының еңбегі — байдың ермегі.
Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.
Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер.
Жарлылығын жасырған байымас.
Жоққа тұз да қат.
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
Кедейге кербездік келіспес.
Кедейді кесір құртар.
Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Үркер жиылып - ай болмас,
Кедей жиылып - бай болмас.
Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.
Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді,
Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді,
Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді.
Қарнымның ашқанына жыламаймын,
Қадірімнің қашқанына жылаймын.