Тұз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 22
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 11
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 1

Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейдіБұрынғылар айтпап па еді: "Халық айныса, хан түзейді, май айныса, тұз түзейді" деп, халық қатығы..
Мақал-мәтелдерде өтірік жоқ, жаңбыр суында тұз жоқ.
Ас бұзылса – тұз түзейді,Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
Тұзсыз етте шіриді,Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Сусыз өмір - тұзсыз аспен тең.
Келтірсе тамақтың тұз дәмін қалай,
Келтірер сөздің әзіл сәнін солай.
Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?
Астың тұзын татқан біледі.
Тамақ табағымен емес, тұзымен дәмді.
Ұятсыз әйел тұзсыз ас секілді.
Тұзын татсаң,
Тұз салғышты сындырма.
Тұзы көп те емес,
Жоқ та емес.
Тұзсыз нан – күшсіз.
Еңбегі ештің, тұзы сор.
Тату болсаң балдай бол,
Ащы болсаң тұздай бол.
Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.
Жоққа тұз да қат.
Қызды сөкпе,
Тұзды төкпе.
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?!
Шаш — бастың көркі
Тұз — астың көркі.
Тұзсыз тамақ піссе де,
Тұздықсыз тамақ піспейді.