Мақтаншақтық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 14
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1

Мақтаншақтық өтірік айтқызады,Өтірік көңіл қайтқызады
©  Самет Оқанұлы
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.
Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.
Мақтанып жүрмей,
Сақтанып жүр.
«Барамын» деп мақтанба,
Жарлық бар.
«Көппін» деп мақтанба,
Жалғыздық бар.
Ат қартайса
Жасқаншақ болады
Ер қартайса,
Мақтаншақ болады.
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар.
Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.